Меню

Страницы

Статья

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 8 айындағы нәтижесі

Бағдарламаны іске асырудағы 8 айда 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы шамамен2,2 млнАҚШ доллары болатын21 933өтініштіорындады(өтінішберушілердіңбанктікшоттарынаесептеуүшін уәкілеттіоператорларғааударылды).Оныңішіндетұрғынүйжағдайларын жақсартумақсатында1,3 млнАҚШ долларына жуық сомаға12 487өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін947,6 мыңАҚШ долларына жуық сомаға9446өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуғаарналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымдытолықтыру(1,2млнАҚШдолларынанастамсомаға12048өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 15 мың АҚШ долларынан астам сомаға 150 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге -11,7 мың АҚШ долларына 116 өтініш.
Білімалуақысынтөлеушеңберіндегіеңтанымалқосалқымақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін)
немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (758,4 мың АҚШ долларынан астам сомаға 7561 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (137,1 мың АҚШ долларынан астам сомаға 1 366 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) бір рет біржолғы ақы төлеу (43,4 мың АҚШ долларынан астам сомаға 433 өтініш орындалды) жүзеге асты.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуғаақытөлеумақсатындаберутуралыуәкілеттіоператорларменөңірлер бөлінісіндегітолық ақпаратпенenpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% мөлшері жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында теңдей бөлінеді. 2024 жылғы ақпанда БЖЗҚ-да2023жылдыңқорытындысыбойыншабарлықбалаларғаалғашқы нысаналы талаптар есептеліп, 2024 жылы 18жасқа толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.
Бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс- қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында төмендегі сілтеме бойынша орналастырылғанын ескертеміз: https://www.youtube.com/watch?v=HHQNAxfskX8.

Дата публикации
24 сентября 2024
Дата обновления
24 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы