Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 20 трлн теңгеден асты

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері20,26 трлн теңгеденасып, жыл басынан бергі 7 ай ішінде 2,4 трлн теңгеге жуық (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі -3,9 трлн теңге (немесе 23,7%).
Қазақстандықтардың жинақтарының 96,32%-ы МЗЖ есебінен қалыптасқан, олардың көлемі 01.08.2024ж. шамамен19,5 трлн теңгеболды (бір жылдағы өсім – 23%, жыл басынан бері - 12,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары -618,14 млрд теңге,бір жылдағы өсім – 19,6%, ал жыл басынан бері 8,7% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 47%, жыл басынан бері 26,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі -6,7 млрд теңге
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 7 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен120,5 млрд теңгегежетті.
Кіріс ағындары
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кірісағындарыесебіненұлғаяды.2024жылғықаңтар-шілдеайларындасалымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 1,55 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,5% немесе 353,5 млрд аса теңгеге артық).
Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.08.2024 жылға дейін 1,36 трлн теңгеден астам (бұл өткен жылдыңсәйкескезеңіменсалыстырғанда19,5%артық),МКЗЖесепкеалынатынЖЗШ-ға шамамен 66,01 млрд теңге (өсім 20,4%), ЕЗЖ - 1,7 млрд теңге (өсім 34,4%) түсті.
БЖЗҚсалымшыларыныңжекежәнешарттызейнетақышоттарынаесептелгентаза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.08.2024 ж. шамамен1,38 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 620,3 млрд жуық теңгеге (немесе 81,5%) артты.
Төлемдер мен аударымдар
2024жылдың7айындаБЖЗҚ-данжарналардыңбарлықтүрлерібойыншажасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары608,64 млрд теңгеденасты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 322,4 млрд теңгеге немесе 112,7% көп.
266,16 млрд теңге -тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен114,5 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 37,4% жоғары.
Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер –34,83 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер –22,21 млрд теңгеденастам, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер –1,8 млрд теңгеденастам, жерлеуге төлемдер –шамамен 5,9 млрд теңге көлеміндежүзегеасырылды.Сақтандыруұйымдарына163,3млрдтеңгеденастамсома аударылды.
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем -33 847 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы -945 752 теңгеболды.
ЖЗШ саны
2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 16,46 млн. бірліктен асты. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 тамызына шамамен 12,4 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,07 млн - МЗЖ бойынша, 690,7 мың - МКЗЖ бойынша, 425 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,08 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
28 августа 2024
Дата обновления
28 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы