Міндеттізейнетақыжарналарының(МЗЖ)салымшылары,пайдасынаміндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару құқығын төменде көрсетілген мөлшерден аспайтын сомада пайдалана алады:
- МЗЖ салымшысының, пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту)туралыөтінішітүскенкүніжекезейнетақышотындағы(ЖЗШ)зейнетақы жинақтарысомасыныңелупайызышегінде.КейінненбасқаИПБ-ныңсенімгерлік басқаруына берген кезде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі қоса есептелген, бұрын берілген зейнетақы жинақтарын ескере отырып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап жылына бір рет қана жүргізіледі);
Немесе
- сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемде;
- ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге болатын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы ЕЗЖ-ны есепке алатын ЖЗШ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасынан аспайды.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармай тұрып,нарықтағыИПБ-лардың қолданыстағытізбесіментанысып,олардыңБЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды зерделеу қажет, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі мен жұмыс нәтижелері туралы толығырақбілгендұрыс.ИПБ-лартуралыақпаратпентанысып,инвестициялық декларацияларынhttps://www.enpf.kz/сайтындағыҚызметтер""Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі"бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлікбасқаруғаберужөніндегітолықстатистикадаwww.enpf.kzсайтындағы "Көрсеткіштер" –"Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру"бөлімінде қолжетімді.
Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына тек 1 рет аударуға болатынын атап өтеміз.Егер сіз жинақтарыңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің(бұдан әрі – ҚРҰБ)басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл ойыңызды зейнетақы жинағыңызды ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап тек 1 жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.
Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБсенімгерлікбасқаруынақайтарузейнетақыжинақтарынИПБ-ныңсенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап тек бір жыл уақыт өткен соң ғана жүзеге асырылады.