Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы калькуляторының жаңа мүмкіндіктері

Болашақ зейнетақының мөлшері туралы сұраққа жауап іздеген БЖЗҚ салымшылары ыңғайлы құрал – зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Оның мүмкіндіктері жақында ғана жаңа функциялармен тролықтырылды. Енді сіз өзіңіздің болжамды болашақ зейнетақыңызды дербесесептепқанақоймай,ҚазақстанРеспубликасыныңзейнетақызаңнамасындағысоңғы өзгерістергесәйкессақтандыруұйымынанжәнеболжамдызейнетақыкалькуляторынан сақтандырусыйлықақысыменсақтандырутөлемінесептеудіөзектендіреаласыз.Бұлретте мүгедек адамдардың және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы да ескерілді. Бұл оларға зейнетақы аннуитетінің қолжетімділігін арттыруғамүмкіндікберді.Сондай-ақ,Әлеуметтіккодекскесәйкесеңтөменгібазалық зейнетақының мөлшері кезең-кезеңімен 70% дейін, ал ең жоғары мөлшері 2023-2027 жылдар кезеңінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 120% дейін ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары(МКЗЖ) есебіненқалыптастырылғанжинақтарының50%дейінинвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудару мүмкіндігіне ие болды.
Естеріңізге салайық, Калькулятор екі түрде ұсынылған. "Ағымдағы" - бұл неғұрлым жеңілдетілген нұсқа, оның көмегімен зейнетке алдағы жылы шығатындар міндетті зейнетақы жарналарыесебіненқалыптасқанзейнетақыжинақтарытөлемініңмөлшерінесептейалады.
"Болжамды" калькулятор болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеп қана қоймай, оның неден тұратынын да көрсетеді. Есептеу үш сценарий бойынша жүзеге асырылады: пессимистік, шынайы және оптимистік. Бұл салымшыға нақты инвестициялық кірістің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқаларды көруге көмектеседі.
Есептеу кезінде Калькулятор барлық құрамдауыштарды - базалық және ортақ зейнетақыны; 10% МЗЖ; 5% МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналарын ескереді. Болашақ зейнетақының мөлшерін Болжамды калькулятор арқылы есептеу үшін бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау қажет. Туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі сияқты барлық өрістерді толтырып, бүгінгі күндегі жинақ сомасы мен соңғы уақыттағы орташа жалақы мөлшерін көрсетесіз. Нәтиже алу үшін - "есептеу" батырмасын басыңыз. Калькуляторды жеке кабинет арқылы пайдаланған кезде барлық дерлік өрістер автоматты түрде толтырылады және есептеу дәлірек болады. Зейнетақы жинақтарының болжамды сомасы жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен асып кеткен жағдайда, оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге алу мүмкіндігі туралы хабарлама пайда болады. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда, салымшылар үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін "Өмірді сақтандыру компаниясына(ӨСК)жинақтардыаудару"функциясыкөзделген.Зейнетақыныесептеу нәтижелеріағымдағыкүнтізбелікжылғаболжамдыболыптабылатынын,алтүпкіліктіесеп сақтандыру ұйымына жүгінген кезде жүргізілетінін есте ұстаған жөн.
Қазақжәнеорыстілдеріндегібейнематериалмынасілтемелербойыншақолжетімді:
https://youtu.be/lt6g9fOo7Qs
https://youtube/fuXzZxKKPbs
«Зейнетақыкалькуляторы»қызметімен«БЖЗҚ»АҚсайтында https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.phpтолығырақ танысуға болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы