Меню

Страницы

Статья

Айтыңызшы, өтініш, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қашан басталады және аударымдарды қай қаржы ұйымы реттейтін болады? Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар есебі қалай жүргізіледі?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Бірақ балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері алғаш есептелген қаржыны 2024 жылдың ақпан айынан бастап көре алады. Өйткені, тиісті құрылымдарға есептеулер жүргізіп, кәмелетке толмаған балалардың дәл есебін шығаруға бір ай уақыт қажет.
Бірыңғайжинақтаушызейнетақықоры(БЖЗҚ)нысаналыталаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы (бұдан әрі – НЖШ) нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру жөніндегі оператор болып айқындалды.
Айта кеткен жөн, БЖЗҚ әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибеге ие. Оның дербестендірілген есеп пен қашықтан қызмет көрсетуге арналған бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелері, халыққа қолжетімді қызметтер көрсететін
дамыған өңірлік желісі бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жыл сайын БЖЗҚ-ға Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің (бұдан әрі - ОИК) 50% сомасы, ОИК мөлшерлемесі жәнеНысаналыталаптарғақатысушылардыңбұрынқалыптастырылғаннысаналы талаптарынаесептелгентабыссомасытуралыақпараттықамтитынҰлттыққорды қалыптастыру және пайдалану туралы есепті жібереді деп көзделуде.
БЖЗҚ жыл сайын қаңтар айында ҚР Әділет министрлігіне салыстыру үшін есепті жылдың31желтоқсаныныңаяғындағыжағдайбойыншабалалардың,яғни"Жеке тұлғалар"мемлекеттікдерекқорынаналынғанмәліметтернегізіндедербес қалыптастырылған нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін беретін болады.
ҚРҰБ-тан алынған Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% сомасы туралы ақпараттың, БЖЗҚ мен ҚР ӘМ қол қойған салыстыру актісінің негізінде БЖЗҚ нысаналы талаптардың бір қатысушысына тиесілі нысаналы талаптардың сомасын есептеп, бұл деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.
Бағдарлама бойынша тұрақты түрде жасалатын есептер БЖЗҚ-ныңenpf.kzресми сайтына орналастырылатын болады.
Дата публикации
28 ноября 2023
Дата обновления
28 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы