Меню

Страницы

Статья

Менің әпкеме мүгедектік тағайындалған. Ол зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы ма?

БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына):
міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші
топтағы мүгедектігі, ерікті зейнетақы жарналары және тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен белгіленген кесте бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екені туралы хабарлайды.
Салымшыға (алушыға) өзінің мәртебесін растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ. БЖЗҚ салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес берілетін келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мәліметтерді веб-сервис арқылы сұрау жолымен мүгедектіктің (тобы, белгіленген мерзімі) болуын дербес тексереді. Бұл әрекет Еңбек министрлігі, Мемлекеттік корпорация және БЖЗҚ арасында жасалған келісім шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" арқылы жүзеге асырылады.
Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайты, кеңсеге жеке жүгіну немесе сенім білдірген тұлға, сондай-ақ, пошта арқылы
беруге болады.
Өтінішті enpf.kz сайты арқылы беру туралы толық нұсқаулықты осы жерден көруге болады.
БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға Барып қызмет көрсету бөлімдері ұйымдастырылғанына назар аударғымыз келеді. Бұл ретте алдын-ала кеңес алу, оның ішінде қызметтерді қашықтықтан, ешқайда шықпай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы