Меню

Страницы

Статья

Қайырлы күн! Мен бір компанияға азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт негізінде дизайнер қызметін көрсетіп жүрмін. Өзім немесе компания БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аудару керек пе?

Жеке тұлға қандай да бір ұйыммен қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚСШ) жасасқан кезде, ұйым жеке тұлға үшін салықтар мен зейнетақы жарналарының дұрыс есептелуі, ұсталуы, және уақытылы төленуі үшін жауапты болады.
Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды компаниялар қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолымен жүргізеді. Бұл ретте банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ, АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін көрсете отырып, қолма-қол ақшамен салады.
Банктер оны кейіннен БЖЗҚ-ға аударады.

Айта кетейік, Әлеуметтік кодекске бұған қатысты да жаңалық енгізілді: жеке тұлғалармен АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар енді БЖЗҚ-ға МЗЖ-ны ЕДБ-ға қолма-қол ақша енгізу немесе оларды кейіннен мемлекеттік корпорацияның деректемелері бойынша БЖЗҚ-ға аудару үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы дербес төлеуге міндетті тұлғалар тізбесіне кіреді (бұрын олар жарналарды ерікті негізде
жүзеге асыратын).

Дата публикации
27 июня 2023
Дата обновления
27 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы