Меню

Страницы

Статья

Менің пластикалық терезелер шығаратын шағын компаниям бар. Кәсіпорында білікті шеберлер еңбек етуде. Оларды ынталандыру мақсатында зейнетақы шоттарына ерікті жарналарды аударып отырғым келеді. Мұны қалай жасауға болады және мен үшін оның жағымды жақтары бар ма?

Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке тұлға – салымшы өз табысы есебінен өз пайдасына, сондай-ақ, жеке немесе заңды тұлға болып есептелетін салымшы, алушының пайдасына аудара алады. ЕЗЖ кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.
Бұл ретте жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына ЕЗЖ аударуды жүзеге асыра отырып, салық салу кезінде артықшылықтарға ие болады. Өйткені, салық агенті қызметкердің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Ал жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомалары қызметкердің табысы ретінде қарастырылмайды және жеке тұлғаға салық салу кезінде табыс салығы есепке алынбайды.
Қызметкер үшін бұл ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасының және тиісінше БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің ұлғаюына оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, қызметкердің жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі де бар. Соның негізінде жұмыс беруші өтініш берушінің не үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны тұрақты түрде аударатын болады.
БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашуға БЖЗҚ-ға жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы ЕЗЖ/уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негіздеме бола алады.
Салымшы (алушы) ЕЗЖ сомасы түскен күннен бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
ЕЗЖ-ны екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта"АҚ бөлімшелері арқылы аударуға болады. Кейбір екінші деңгейдегі банктер жарналарды онлайн (ұялы қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аударуға мүмкіндік береді.
ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалардың тізбесімен және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасымен БЖЗҚ сайтындағы мына бөлімде таныса аласыздар.

Дата публикации
15 марта 2023
Дата обновления
15 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы