Меню

Страницы

Статья

Мен жеке кәсіпкермін. Жиһаз шығаратын цехымда 8 адам жұмыс істейді. Қазір өз қызметкерлеріміз үшін төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жеңілдетілгенін естідім. Солай ма?

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді.
Салық кодексі "Бірыңғай төлем" бөлімімен толықтырылды. Салық кодексінің 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлемге жеке табыс салығының төленуге тиіс сомалары, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), әлеуметтік аударымдар, жарналар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар енгізіледі.
Бірыңғай төлем салығы салынатын объектісі мыналар болып табылады:
оңайлатылған декларация негізінде; ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші есептеген жұмыскердің табысы.
Салық агенттері деп микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, АСР қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар танылады.
Бірыңғай төлем мөлшерлемесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-20,0 пайыз;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап-21,5 пайыз;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап-23,8 пайыз;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап-24,8 пайыз;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап-25,8 пайыз;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап-26,3 пайыз.
Бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі МЗЖ үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-50,0 %;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап-46,5 %;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап-42,0 %;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап-40,3 %;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап-38,8 %;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап-38,0 %.
Бірыңғай төлемді аудару мерзімі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ай сайын, жалпы сомасы есепті кезеңнен кейінгі 25-ші күннен кешіктірмей.
Салық агенттері үшін бірыңғай төлемді есептейтін салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.
Бірыңғай төлемді енгізу АСР бойынша жұмыс істейтін микро және шағын бизнес өкілдеріне салықтарды және қызметкерлердің кірістерінен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдетуі тиіс. Ол енді бір төлеммен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, тағы бір артықшылық – бұл төлемнің жалпы сомасы бөлек төлемге қарағанда аз.
Сонымен қатар, салық агенті тиісті декларацияда төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің табыстарына салық салудың бірыңғай тәртібін дербес айқындайды. Бастапқы немесе кезекті декларацияда төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің табыстарына салық салудың таңдалған тәртібі салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.

Дата публикации
13 февраля 2023
Дата обновления
13 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы