Меню

Страницы

Статья

Мал ұрлығы деректері өршуде

Ауыл шаруашылығы мал жануары - ауыл халқының күн көрісі, нәпақа мен берекесі. Ол азық қана емес, бүгінгі күні нағыз табыс көзінің бірі.
Нарықтағы еттің бағасы қымбаттаған сайын, мал басының өз құны да бұрынғымен салыстырғанда өскен.
Жалпы, бұл норманың маңызы зор. Төрт - түлікке қол сұғу ауыл адамының күнкөріс көзімен айырумен бірдей. Бүгінде, мал ұрлау кейбір азаматтар үшін кәсіпке айналып барады.
Осы орайда оңай жолмен олжалы болғысы келетіндердің де қатары артып келеді, яғни өзгенің өрісіндегі түлікке барымташылардың көз тігуі өршіп келеді.
Мәселен, Ырғыз ауданы бойынша 2022 жылдың соңғы тоқсанынан бастап осы күнге дейін мал ұрлығының 7 дерегі өсуімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Ең қызығы, ірі қара малды ұрлау деректері көбіне еркін жайылымда орын алған және мал иелері тарапынан мал бағу мен күтіп ұстау тиісінше ұйымдастырылмаған.
Мемлекет басшысы орталық атқарушы органдарға мал ұрлаушыларға қатысты қылмыстық жазаны күшейтуді тапсырды.
Сәйкесінше, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мал ұрлығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жекелеген 188-1-бап болып енгізілді және бұл қылмыс үшін басқа түрлеріне қарағанда жаза қатаңдады.
Осыған орай, ендігі таңда, нақтырақ айтқанда 2020 жылдың қаңтар айынан бастап бұл санаттағы қылмыстық істер бойынша теріс қылық пен орташа ауыр қылмыс дәрежесімен сараланбай, жай құрам үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ескерілсе, адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып, ірі мөлшерде жасалса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал бірнеше рет мал қораға, қоймаға бұзып кіріп мал ұрлағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып жасағаны үшін 12 жыл бас бостандығынан айыру жазалары көзделген.
Сонымен бірге аталған санаттағы істер бойынша ұрлықты бірнеше рет жасау жағдайында жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатуға заңды тәртіпте тыйым салынған.
Демек, жәбірленуші тарапынан кінәлі адамға кешірім беріліп келтірілген шығын өтелгенімен, қылмыстық жауапқа тарту заңды талап, бұл өз кезегінде қылмыстық жазаның бұлтартпастығына айқын дәлел.

Ырғыз аудандық прокуратурасы

Дата публикации
31 января 2023
Дата обновления
31 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ақпарат
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы