Х А Т Т А М А
«Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі» ММ-сі 2 желтоқсан 2020 жыл
2020 жылы балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа «Көккөл», Ырғыз өзенінің учаскесі (Ырғыз ауылынан Аманкөл ауылына дейін), Телқара өзенінің №1 учаскесі (Жаман-Телқара және Жақсы-Телқара өзендерінің қосылуынан Самет көпіріне дейін) және Телқара өзенінің №2 учаскесін (Самет көпірінен Торғай өзеніне қосылар жеріне дейін) су айдындары жарияланған болатын. 31 қазан - 16 қараша күндері аралығында 6 (алты) құжат қабылданып, келіп түскен конвертті ашу 18 қарашада № 3 конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасымен рәсімделді. 6 (алты) құжат конкурсқа жіберіліп, конкурстың қорытындыларын шығару 26 қараша сағат 10-00 ге белгіленді.
Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын шығару үшін комиссия мүшелеріне 2020 жылғы 20 қарашадағы №15-1/271 хатпен 26 қарашада сағат 10-00 ге конкурстың қорытындысы болатыны туралы шақыру қағазы жолданды.
Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 2020 жылғы 25 қарашадағы №4-17-1166 хатпен, «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Батыс Қазақстан филиалы 23 қараша 2020 жылғы №163 хатпен өз қызметкерлерінің, «Балық шаруашылықтар ассоциациясы - BD» бірлестігі ауызша Ақтөбе облысы бойынша өкілінің қатыса алмайтындығы туралы хабарлады.
Сондықтан Қағиданың 35 тармағына сәйкес комиссия мүшелерінің құрамы 26 қарашада толық болмауына байланысты қайтадан 30 қараша сағат 10-00 ге болатындығы жөнінде 26 қарашадағы №15-1/288 хатпен тиісті мекеме және филиалдарға жолданды. Алайда «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Батыс Қазақстан филиалының 26 қараша 2020 жылғы №165 хатпен өз өкілінің, Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және «Балық шаруашылықтар ассоциациясы - BD» бірлестігі ауызша өкілдерінің қатыса алмайтындығын ескертті. Конкурстық комиссияның құрамы толық болмауына байланысты конкурс өткізілген жоқ.
Конкурстық комиссия құрамдарына 2020 жылдың 2 желтоқсанда сағат 15-00 де болатындығы ауызша ескертілді. Тағы да конкурстық комиссияның құрамы толық болмауына байланысты конкурс өткізілген жоқ.
Сондықтан Ырғыз ауданы балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссия Қағиданың 35 тармағына сәйкес конкурстық комиссияның шешімдері отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3 қатыспауына байланысты, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізілмеді деп тану жөнінде шешім қабылдады.
Комиссия төрағасы Н.Қызбергенов
Комиссия мүшелері А.Нұрекешов
А.Ералин
М.Әттиев
Комиссия хатшысы А.Тұртаев