Санаты: А1-3; Лауазымдық еңбекақысы еңбек өтіліне байланысты 374490 теңгеден 454062 теңгеге дейін.
1.Атқаратын негізгі міндеттері:
- Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді;
-Мекеме мүліктерінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
-Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді.
-Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
-Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
-Көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
-Көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады,
-Білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады;
-Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау,көтермелеу,шығармашылық бастамаларын ынталандыру, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
-Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.
-Директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі.
-Шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
-Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады.
-Бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді.
2.Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
- жоғары (немесе арнаулы орта) кәсіби, педагогикалық, гуманитарлық экономикалық білім;
-мәдениет саласында немесе басшылық лауазымда 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;
3.Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
4.Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;
Қазақстан Республикасының заңдарын:
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»;
«Мәдениет туралы»;
«Мемлекеттік мүлік туралы»;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;
«Мемлекеттік сатып алулар туралы».
Ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібі.
5.Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне төмендегі құжаттарды тапсырады:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- еркін түрде жазылған өмірбаяны;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері ;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
- Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі жайлы (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттар бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Абай көшесі №96 үй (әкімшілік ғимараты, 2 қабат, 13 кабинет) мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8/71343/ 79040, 79041.