2026 жылғы 1 наурызда Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Жайсаңбай ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамасы негізінде Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Жайсаңбай сайлау округі
Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 203 азамат енгізілді, олардың 164 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны-0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны-2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Картанов Ә.Н–24; Мұхайыс Е– 110; Оспанов М.Ж – 28.
Мұхайыс Ерлан - 1983 жылы дүниеге келген, «Мұхайыс» ШҚ-ның төрағасы, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған, Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы