2026 жылдың қаңтар айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2025 жылдың қаңтар айында 72,2 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,7 пайыз.

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2025 жылдың қаңтар айында 591,2 млн. теңге немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайыз.

Инвестиция.

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 234,2 млн. теңге, немесе 2025 жылдың сәйкес  кезеңіне – 185,5 пайыз. Оның ішінде:

-жеке көздерден 234,2 млн.теңге  (өткен жылы 118,9 млн.теңге),

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың қаңтар айында 114,7 млн.теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 76,5 млн.теңге.

Барлығы 748 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,5 пайыз.  

Кәсіпкерлік.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 896 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,2 пайыз.

Белсенді субъектілер саны-887 бірлік, немесе өткен жылға 90,1 пайыз.

Бөлшек сауда.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 587,6 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 283,2 пайыз.

Көтерме сауда айналымының көлемі 113,7 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 181,3 пайыз.

Жұмыспен қамту.

2026 жылдың қаңтар айында 22 жаңа жұмыс орны ашылды. (2025ж-206 пайыз), 113 адам еңбекке орналасты (2025ж-243), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 50 (2025ж-170).

Бюджет.

Жергілікті бюджетке 8,4 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 56,9 млн. теңге, немесе 675,1 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 92,5% немесе 27,3 млн.теңгеге өскен.

Бюджет шығысы 97,5 пайызға  атқарылды.

Дата публикации
24 февраля 2026