«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жайсаңбай ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Картанов Әмірбек Нұрлыбекұлы, 1988 жылы дүниеге келген, «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Мұхайыс Ерлан, 1983 жылы дүниеге келген, «Мұхайыс» ШҚ, төраға, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ Ырғыз аудандық филиалы ұсынған.
- Оспанов Мақсат Жолдыбайұлы, 1987 жылы дүниеге келген, «Аманкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.