«Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №258 «2020-2022 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешім жобасы

Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №258 «2020-2022 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9, 109 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №258 «2020-2022 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6619 тіркелген, 2019 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер «6 277 280,4» сандары «6 044 503,4» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімі «5 766 357,4» сандары «5 533 580,4» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «6 850 990,8» сандары «6 618 213,8» сандарымен ауыстырылсын;
5-1-тармақта:
үшінші абзацта:
«89 061» сандары «130 406» сандарымен ауыстырылсын;
6-тармақта:
екінші абзацта:
«121 592» сандары «101 336» сандарымен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«152 068» сандары «142 333» сандарымен ауыстырылсын;
жетінші абзацта:
«84 175» сандары «49 404» сандарымен ауыстырылсын;
сегізінші абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацта:
«437 194» сандары «417 194» сандарымен ауыстырылсын;
оныншы абзацта:
«247 976» сандары «130 335» сандарымен ауыстырылсын;
он бірінші абзацта:
«22 153» сандары «21 043» сандарымен ауыстырылсын;
он үшінші абзацта:
«16 800» сандары «12 500» сандарымен ауыстырылсын;
он төртінші абзацта:
«275 116» сандары «243 826» сандарымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға-14 919 мың теңге.»;
9-тармақта:
үшінші абзацта:
«43 841» сандары «44 727» сандарымен ауыстырылсын;
төртінші абзац алынып тасталсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ырғыз аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы К. Қосаяқов

Шешім жобасы
Дата публикации
30 ноября 2020