«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалсын.
- Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 22 қаңтардан басталып, 2026 жылғы 3 ақпанда сағат он сегізде аяқталсын.
- Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 8 ақпан сағат он сегізде аяқталсын.
- Осы қаулы аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б. Итібаев
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов
Ырғыз ауылы
2026 жылғы 21 қаңтар
№ 1