2025 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

Ырғыз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (барлығы 51 қызмет) аудан әкімі аппаратының 14 құрылымдық бөлімімен көрсетіліп келеді. Оның 7-уі ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары болып табылады.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2025 жылдың 4-тоқсанында 436 қызметті құрады. Оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -66. Тек қана мемлекеттік қызметті берушілер арқылы көрсетілетін қызметтер саны -0;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметтердің саны -125 қызмет.
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны -3, ал электрондық үкімет вебпорталы арқылы -242 қызметті құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Лицензиялауға қағаз түрінде өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен шағымдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны барлығы -6, түсіндірме іс-шаралары ретінде 6 ресми жарияланым берілді.

ІБ есебі
Дата публикации
15 января 2026