Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2020 жылдың 10 айындағы есеп

Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2020 жылдың 10 айында 4958 қызметті құрады:
1) көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы -808 (16,3%):
оның ішінде, білім бөлімі мен білім беру ұйымдары арқылы (үлесі 100%)
- Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну -641,
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау -11,
- Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау -145,
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау -3,
- Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау -8;
Ал, тек қана қызметті берушілер кеңсесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны -295 (6,0%):
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау -251,
- Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау -44;
Яғни, қағаз түрінде барлығы 1103 қызмет немесе 22,3%-ы көрсетілген;
2) мемлекеттік корпорация арқылы барлығы -572 (11,5%) қызмет көрсетілсе;
3) электрондық түрде көрсетілген қызметтердің саны -3283 (66,2%) қызмет, оның ішінде қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген қызметтердің саны -2444 құрады.
Одан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу 2 рет орын алған. Олар, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» қызметі бойынша орын алған. Нәтижесінде жауапты маманға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден дәлелді себептерден бас тартылған қызметтер саны 92-ні құрады.

Мемқызмет көрсету есебі
Дата публикации
20 ноября 2020