Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 4628,2 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 56,4 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 13651,3 млн. теңге немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайыз.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 13276,5 млн. теңге, немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне –240,1 пайыз. Оның ішінде:
-жергілікті бюджеттен 4293,2 млн. теңге, (өткен жылы 3130,7 млн.теңге);
-жеке көздерден 5149,6 млн.теңге (өткен жылы 1457,6 млн.теңге);
-басқалай 3120,3 млн.теңге (өткен жылы -128,8).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1531,9 млн.теңге, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,5 пайыз.
Барлығы 7665 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 98,0 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 918 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,3 пайыз.
Белсенді субъектілер саны-902 бірлік, немесе өткен жылға 86,6 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 3940,0 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 108,7 пайыз.
Көтерме сауда айналымының көлемі 1043,4 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 212,9 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 836 жаңа жұмыс орны ашылды. (2024ж-937), 1251 адам еңбекке орналасты (2024ж-1114), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 347 (2024ж-325).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 793,9 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 1114,7 млн. теңге, немесе 140,4 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 118,9% немесе 177,1 млн.теңгеге өскен.
Бюджет шығысы 76,0 пайызға атқарылды.