Ырғыз ауданы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі жаңа құрамда өз жұмысын аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы №218 шешімімен бекітілген ережеге сәйкес және 2019 жылға арналған кеңес жоспары бойынша жүргізді.
2019 жылы түрлі мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің 9 отырысы өткізіліп, 27 мәселе тыңдалды.
1. 2019 жылғы 19 наурызда «Ырғыз аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасын, хатшысын және төралқасын сайлау туралы», «Ырғыз аудандық Қоғамдық кеңесінің Ережесінің жобасын талқылау және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну жайлы», «Ырғыз аудандық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы» мәселелері бойынша кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі К.Қосаяқов ашық дауыс беру арқылы кеңес төрағасын, хатшысын және төралқасын сайлауды ұсынып, ұсыныстар дауысқа қойылып, кандидатуралар бірауыздан мақұлданды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі К.Қосаяқов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ережені басшылыққа ала отырып, жұмыс тобы жасаған Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже жобасын талқылауды ұсынып, кеңес мүшелері Ереже жобасын талқылап, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында бекіту жөніндегі ұсыныс мақұлданды. Үшінші мәселе бойынша кеңес мүшелері 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бірауыздан қолдап, бекітілді.
2. Күн тәртібіндегі «Кезектен тыс өтетін ҚР Президентін сайлауы туралы» мәселесі бойынша кеңес отырысы 2019 жылдың 22 сәуірінде өткізілді.
3. Кеңестің 2019 жылдың 26 сәуіріндегі отырысында күн тәртібінде «Ырғыз ауылындағы тазалық мәселесі және ауыл жанындағы күл-қоқыс полигонынының жай күйі жайлы», «Ырғыз ауданындағы санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы жайлы» мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.Сарин, аудандық сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Т.Бердібай хабарлама жасады.
4. 2019 жылғы 29 мамырда «Ауданның білім саласында атқарылған жұмыстар мен проблемалар және алдағы міндеттер жайлы», «Жалпы білім беру мектептері оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, діни және патриоттық тәрбие беру мәселелері туралы», «Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жайлы», «Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда жүргізіліп отырған жұмыстар жайлы», «Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі №3 хаттамасымен берілген ұсыныстарының орындалуы туралы» және «Nur Otan» партиясының Ырғыз аудандық филиалының 2019 жылғы 27 мамырдағы №16/1 ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру және талқылау» мәселелері бойынша кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Хабарламашылар аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманжол, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Г.Дүйжанова, аудандық құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басышысы И.Тұртаев, «Су шаруашылғы» коммуналдық қазыналық кәсіпорыны басшысының м.а А.Дербісов және Н.Сәрсенбайұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсінік беріп өтіп, отырысқа қатысушылар хабарламашыларға сауалдар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
5. «Ауданның 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы», «Нұра ауылдық округінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік –экономикалық дамуы жайлы» және «Ырғыз ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамту мәселесі туралы» мәселелері бойынша кеңес отырысы 2019 жылдың 29 шілдеде өткізілді. Отырыста аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Жансүгірова, Нұра ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Д.Удин және «Су шаруашылығы» коммуналдық қазыналық кәсіпорыны басшысының м.а А.Дербісов хабарлама жасады.
6. 2019 жылғы 28 тамызда «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы», «Ырғыз ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламалардың орындалуы жайлы», ««Ырғыз ауылындағы тазалық мәселесі және ауыл жанындағы күл-қоқыс полигонының жай-күйі жайлы»(2019 жылғы 26 сәуірдегі №3 хаттамасы)» және «Аманкөл ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламалардың орындалуы жайлы» мәселелері кеңестің кезекті отырысында қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Досекешов, Ырғыз ауылдық округінің әкімі м.а М.Нұрпейіс, Аманкөл ауылдық округінің әкімі А.Баймұқанов хабарлама жасады.
7. 2019 жылғы 12 қыркүйекте «Ауданның білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы», ««Ырғыз ауылындағы тазалық мәселесі және ауыл жанындағы күл-қоқыс полигонының жай-күйі жайлы» (2019 жылдың 28 тамыздағы №6 хаттамасы)» және ««Мемлекеттік көрсетілетін қызметер көрсету сапасын бақылау және жетілдіру жұмыстарының қорытындылары туралы» (Ырғыз ауданы әкімі аппараты басшысының 2019 жылғы 5 тамыздағы №04-1/515 ұсынысы)» мәселелер бойынша кеңестің кезекті отырысы өтті. Хабарламаларды аудандық білім бөлімінің жетекші маманы А.Мырзағали, Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.Сарин және аудан әкімінің орынбасары А.Тұртаев жасады.

8. 2019 жылдың 31 қазанында Ырғыз, Аманкөл, Нұра, Тәуіп ауылдық округінің әкімдері, аудандық құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Байжиенов, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Т.Дүйсенов, учаскелік полиция инспекторы, полиция мойоры М.Әкімгерей және кеңес мүшелерінің қатысуымен Қоғамдық тыңдау өтті. Күн тәртібінде «Аудандағы автокөлік жолдары мен көпірлердің жай-күйі туралы». Хабарламашы: аудандық құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Байжиенов. Қоғамдық тыңдау нәтижесінде, кеңес мүшелері тарапынан аудандық құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 2020 жылдың бюджетінде жергілікті маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаржыны екі есеге дейін өсіру жөнінде нақты жұмыстар жүргізіп, шешімін табуына қол жеткізу; қаралған қаржы бойынша мердігермен жұмыстың сапалы атқарылуын назарда ұстау; жол тазалау мен жол жөндеу кездерінде бөлім маманы үнемі болуды қатаң бақылауда болуы; Қоғамдық кеңестің қараша айындағы отырысында Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының осы хаттаманы орындауда атқарған жұмысы туралы есебі тыңдау және жауапты мердігер компанияның өкілі қатысуын қамтамасыз ету ұсынылды.
Қоғамдық тыңдауда кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, 2019 жылдың 4 қарашасында №30 қатынас хатымен аудан әкімі А.Шахинге 2020 жылдың бюджетіне жергілікті маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаржыны екі есеге ұлғайту және К-701 тракторын сатып алу жөнінде ұсыныс жолданды. Нәтижесінде, 2020 жылдың бюджетінен жергілікті маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаржыны қосымша 5 млн. теңгеге ұлғайтуға қол жеткізілді.
9. Күн тәртібіндегі «Аудандағы білім беру мекемелерінің қысқы кезеңге дайындығы және атқарылып жатқан жұмыстар жайлы», ««Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының орындалуы және жұмыссыздық деңгейінің төмендету жөнінде атқарылған жұмыстар жайлы» және «Құмтоғай және Қызылжар ауылдық округтерінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының орындалуы жайлы» мәселелері бойынша кеңес отырысы 2019 жылдың 24 желтоқсанында өткізілді. Отырыста аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманжол, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жүсіпов, Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Ә.Әлібекұлы және Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Ізбасарова хабарлама жасады. Сонымен қатар, «Аудандағы автокөлік жолдары мен көпірлердің жай-күйі туралы» қосымша хабарлама тыңдалды.
Бұл мәселелерден бөлек, кезектен тыс 13 отырыс өткізіліп, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 5- бабына сәйкес, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын нормативтік құқықтық актілердің 30 жобасы талқыланды.
Аудандық «Ырғыз» газетінде Қоғамдық кеңесті құрылуы туралы шешім мен кеңес құрамы және кеңес жұмысы туралы 5 мақала (№14, 31, 38, 45, 2), «Халық ақпарат» қоғамдық – саяси және ақпараттық-жарнамалық газетінде 3 мақала (№ 57, 170, 180) және аудан әкімдігінің интернет-ресурсы мен әлеуметтік парақшаларында жарияланды.
Қоғамдық кеңес жаңа құрамда жұмыс жасай бастаған 10 ай уақыт -оның халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы түйіткілді мәселелерді талқылайтын диалог алаңына айналып келе жатқанын көрсетеді.

Ырғыз ауданының қоғамдық кеңесі
29 қаңтар 2020 жыл

Қоғамдық кеңес жұмысы туралы есеп
Дата публикации
14 ноября 2020