«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Тәуіп ауылдық округі бойынша:
Тілеужанов Камал Сәбитбекұлы, 1975 жылы дүниеге келген, Тәуіп ауылдық округнің әкімі, Ырғыз ауданы Құйлыс ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, Тәуіп ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
14 шілде 2025 жыл