2025 жылғы 13 шілдеде Ырғыз ауданының Тәуіп ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 2-тармағына, 45- бабына, 113-10- бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Тәуіп ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамасы негізінде Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Тәуіп сайлау округі
Тәуіп ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 290 азамат енгізілді, олардың 186 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Баймұханов Ұ.Ж. – 11; Қайыр Ж.О – 13; Тілеужанов К.С – 157.
Тілеужанов Камал Сәбитбекұлы, 1975 жылы дүниеге келген, Тәуіп ауылдық округінің әкімі, Ырғыз ауданы Құйлыс ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, Тәуіп ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы