Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы

Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы         № 189 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 тамызда № 4012 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бiрлесе отырып (келiсiмi бойынша), сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыратын орындардың тiзбесi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы А.Туртаевқа жүктелсiн.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

р/с

Ауылдық округтердің атауы

Елдi мекен атауы

Үгiттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Тәуіп ауылдық округі

 Құйлыс

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Ырғыз ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  "Құйлыс жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Құйлыс ауылы Қанахин көшесі №25

     

Дата публикации
20 июня 2025