«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тәуіп ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Баймұханов Ұлан Жеңісбайұлы, 1990 жылы дүниеге келген, «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрылыс ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Қайыр Жаңабек Ошақбайұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Тілеужанов Камал Сәбитбекұлы, 1975 жылы дүниеге келген, «Тәуіп ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Тәуіп ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құйлыс ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ Ырғыз аудандық филиалы ұсынған.