Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

1) Тәуіп сайлау округі - Тәуіп ауылдық округі аумағының шекараларында;

  1. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

 

Ырғыз аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                Б.Итібаев

 

Ырғыз аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                Д.Қызбергенов

 

Ырғыз ауылы

2025 жылғы 4 маусым

№10

Қаулы
Дата публикации
04 июня 2025