Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2025 жылғы 18 мамырда Ырғыз ауданының Ырғыз ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 2-тармағына, 45- бабына, 113-10- бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ырғыз ауылдық округі әкімі сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:

Ырғыз сайлау округі

Ырғыз ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 4531 азамат енгізілді, олардың 3214 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -38, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әбдірахман М.Р. – 259; Ералыұлы Ә – 758; Жұбаназаров Н.Н – 2150.

Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы, 1987 жылы дүниеге келген, Ырғыз ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ырғыз ауданы Ырғыз ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, Ырғыз ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 мая 2025