«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Ырғыз сайлау округі - Ырғыз ауылдық округі аумағының шекараларында;
Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы Б.Итібаев
Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
хатшысы Д.Қызбергенов
Ырғыз ауылы
2025 жылғы 9 сәуір
№2