Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі Жарма ауылына жеткізуші газ құбырын орналастыру және пайдалану (газ құбыры, ысырма) үшін жалпы көлемі 0,4124 га жер учаскесіне, жер пайдаланушылардан алып қоймай, 30 (отыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Қызбергенов