Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7218,8 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,3 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 17452,3 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайыз.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 10631,3 млн. теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне - 93,2 пайыз. Оның ішінде:
-республикалық бюджеттен 1536,3 млн.теңге, (өткен жылы-720,5 млн.теңге),
-жергілікті бюджеттен 4740,6 млн.теңге, (өткен жылы-3424,6 млн.теңге),
-жеке көздерден 1859,5 млн.теңге (өткен жылы 7057,2 млн.теңге),
-басқалай 2494,9 млн.теңге (өткен жылы -31,2 млн.теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6267,8 млн.теңге, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 3505,3 млн.теңге.
Барлығы 15279 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,0 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 996 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,9 пайыз.
Белсенді субъектілер саны-985 бірлік, немесе өткен жылға 94,6 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 4990,2 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 115,8 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 940 жаңа жұмыс орны ашылды. (2023ж-1220 пайыз), 1510 адам еңбекке орналасты (2023ж-1562), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 328 (2023ж-506).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 1013,5 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 1320,6 млн. теңге, немесе 130,3 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 18,4 пайызға немесе 205,5 млн.теңгеге өскен.
Бюджет шығысы 87,6 пайызға атқарылды.