2024 жылдың қаңтар-қараша айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. 
Аудан бойынша 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 6127,7 млн. теңгенің өнеркәсіп
өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі
109,4 пайыз.

Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында
15653,2 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,0 пайыз.

Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 7680,5 млн. теңге, немесе 2023 жылдың
сәйкес  кезеңіне-125,5 пайыз. Оның ішінде:
-республикалық бюджеттен 1495,7 млн.теңге, (өткен жылы-720,1 млн.теңге),
-жергілікті бюджеттен 4271,4 млн.теңге, (өткен жылы-3225,6 млн.теңге),
-жеке көздерден 1784,5 млн.теңге  (өткен жылы 2313,7 млн.теңге),
-басқалай 128,8 млн.теңге (өткен жылы -31,2 млн.теңге).

Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 3803,0 млн.теңге,
2023 жылдың сәйкес кезеңінде 2972,3 млн.теңге.
Барлығы 9004 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес
кезеңіне 66,1 пайыз.

Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1001 бірлік, өткен жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда 91,8 пайыз.
Белсенді субъектілер саны - 990 бірлік, немесе өткен жылға 92,1 пайыз.

Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 4512,9 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 120,1 пайыз.
Көтерме сауда айналымының көлемі 628,2 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 142,3 пайыз.

Жұмыспен қамту.
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 909 жаңа жұмыс орны ашылды. (2023ж-1207 пайыз), 1372 адам
еңбекке орналасты (2023ж-1547), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 328 (2023ж-506).

Бюджет.

Жергілікті бюджетке 876,9 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 1212,0 млн.
теңге, немесе 138,2 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
жергілікті бюджетке түсімі 23,4  пайызға немесе 229,5 млн.теңгеге өскен.
Бюджет шығысы 83,6 пайызға  атқарылды.
Дата публикации
27 декабря 2024