Ырғыз ауданының № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Ырғыз аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы
жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз
аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ырғыз аудандық мәслихатының шығып
қалған депутатының орнына сайлауы жөнінде сайлау округі құрылсын:
1) Нұра ауылдық округінің Дүкен, Нұра, Мамыр, Белшер ауылына қарасты елді мекендері;
2) Ырғыз ауылдық округіне қарасты Қалыбай елді мекені;
-
Сайлау округі мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының
орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында
және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев
Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов
№11
11 қазан 2024 жыл