№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ырғыз аудандық
мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына
сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу
күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Ырғыз ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ырғыз аудандық мәслихатының шығып қалған
депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
-
Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу
мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
-
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Ырғыз аудандық мәслихатының
шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
-
Осы қаулы «Ырғыз» аудандық газетінде және Ырғыз ауданы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында
орналастырсын.
Төраға Б. Итібаев
Хатшы Д. Қызбергенов