Өнеркәсіп.
Аудан бойынша 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 2108,4 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 111,1 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 6430,9 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайыз.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 2113,3 млн. теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 56,4 пайыз. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 1376,1 млн. теңге, (өткен жылы 2122,7 млн. теңге), жеке көздерден 733,2 млн. теңге (өткен жылы 1445,0 млн. теңге), басқалай 4,0 млн. теңге, (өткен жылы 24,2 млн. теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 1085,0 млн. теңге, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 1418,0 млн. теңге.
Барлығы 5079 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 70,5 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1058 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,2 пайыз. Белсенді субъектілер саны 1046 бірлік, немесе өткен жылға 96,6 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 2279,7 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 106,3 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 580 жаңа жұмыс орны ашылды. (2023 жылы 927 бірлік), 1156 адам еңбекке орналасты (2023 жылы 1086 бірлік), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 742 бірлік (2023 жылы 499 бірлік).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 671,4 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 736,5 млн. теңге, немесе 109,7 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 73,4 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 23,1 пайызға немесе 138,0 млн. теңгеге өскен.