2024 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 1457,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 118,0 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 4213,4 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайыз.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 1297,5 млн. теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне-38,1 пайыз. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 616,2 млн.теңге, (өткен жылы-1891,6), жеке көздерден 677,2 млн.теңге (өткен жылы 1305,2 млн.теңге), басқалай 4,0 млн.теңге (өткен жылы 24,2 млн.тг).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 1024,0 млн.теңге, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 1418,0 млн.теңге.
Барлығы 4673 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 81,9 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1039 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,7 пайыз. Белсенді субъектілер саны-1026 бірлік, немесе өткен жылға 97,2 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 1778,0 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 101,1 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 509 жаңа жұмыс орны ашылды. (2023ж-777), 583 адам еңбекке орналасты (2023ж-922), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 302 (2023ж-453).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 457,0 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 640,8 млн. теңге, немесе 140,2 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 84,7 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 28,9 пайызға немесе 143,7 млн.теңгеге өскен.

Дата публикации
26 июля 2024