«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі №81 «Ырғыз ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.