Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 181,3 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 126,0 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 3923,8 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайыз.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 626,4 млн. теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне-42,3 пайызға өсті. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 108,4 млн.теңге, (өткен жылы-0,0), жеке көздерден 514,0 млн.теңге (өткен жылы 390,9 млн.теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 137,0 млн.теңге, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 187,8 млн.теңге.
Барлығы 2904 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 120,2 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1047 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,3 пайыз. Белсенді субъектілер саны -1037 бірлік, немесе өткен жылға 99,4 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 1309,0 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 129,4 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 343 жаңа жұмыс орны ашылды. (2023ж-498 пайыз), 400 адам еңбекке орналасты (2023ж-584), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 226 (2023ж-291).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 228,2 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 416,7 млн. теңге, немесе 182,6 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 84,9 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 128,1 пайызға немесе 91,5 млн.теңгеге өскен.