2023 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 199,2 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 122,6 пайыз.

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 6855,7 млн.теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсті.

Инвестиция.

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 3256,7 млн. теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес  кезеңіне-521,1 пайыз. Оның ішінде жеке көздерден 1305,2 млн.теңге  (өткен жылы 238,1 млн.теңге), басқалай 24,1 млн.теңге (өткен жылы 26,2 млн.теңге).

Құрылыс.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 1418,0 млн.теңге, 2022 жылдың осы кезеңінде 51,4 млн.теңге, немесе 26,4 есе.

Барлығы 5703 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,6 пайыз.

Кәсіпкерлік.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1074 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,5 пайыз. Белсенді субъектілер саны-1058 бірлік, немесе өткен жылға 126,6 пайыз.

Бөлшек сауда.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 1673,2 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 154,1 пайыз.

Жұмыспен қамту.

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 777 жаңа жұмыс орны ашылды, (2022ж-727) 922 адам еңбекке орналасты (2022ж-919), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 453 (2022ж-374).

Бюджет.

Жергілікті бюджетке 391,0 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 497,1 млн. теңге, немесе 127,1 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 99,9 пайызға  атқарылды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 6,5 пайызға немесе 34,5 млн.теңгеге кеміген.

Дата публикации
06 мая 2024