2024 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 140,7 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,8 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2869,1 млн теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,0 пайыз.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 456,3 млн теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне -16,3 пайызға өсті. Оның ішінде жеке көздерден 456,3 млн теңге (өткен жылы 372,9 млн теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 105,1 млн теңге, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 187,8 млн теңге.
Барлығы 2271 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 116,5 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1035 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,3 пайыз. Белсенді субъектілер саны -1024 бірлік немесе өткен жылға 99,3 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 943,6 млн теңге немесе нақты көлемінің индексі 159,1 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 251 жаңа жұмыс орны ашылды (2023 ж. -260), 297 адам еңбекке орналасты (2023 ж. -394), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны –183 (2023 ж. -209).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 135,4 млн теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 319,4 млн теңге немесе 235,8 пайызға орындалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 30,3 пайызға немесе 74,2 млн теңгеге өскен.
Бюджет шығысы 99,9 пайызға атқарылды.

Дата публикации
22 апреля 2024