«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы №196 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулы жобасы

Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы №196 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6462 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулы жобасы
Дата публикации
22 апреля 2024