«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-11-бабына 2024 жылғы 7 сәуірде өткізген Нұра ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізіндеАқтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округінің әкімі болып:
Омаров Ақнар Нұрлыбекұлы, 1990 жылы дүниеге келген, «Мамыр негізгі орта мектебінің» ММ директоры, Нұра ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған, тіркелсін.