Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылғы 7 сәуірінде Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Нұра сайлау округі
Нұра ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 593 азамат енгізілді, олардың 449-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ералыұлы Ә. – 24; Омаров А.Н. – 397; Сағитжанұлы Е. – 23.
Омаров Ақнар Нұрлыбекұлы -1990 ж.т., Директор, Мамыр негізгі орта мектебі, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылының тұрғыны.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 апреля 2024