Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар айында 42,8 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,8 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қаңтар айында 582,6 млн теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға өсті.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 111,5 млн теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне - 47,3%. Оның ішінде жеке көздерден 111,5 млн теңге (өткен жылы 221,2 млн теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың қаңтар айында 5,5 млн теңге, 2023 жылдың осы кезеңінде 0,0 млн теңге.
2024 жылдың қаңтар айында барлығы 572 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,5 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1050 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайыз. Белсенді субъектілер саны - 1041 бірлік, немесе өткен жылға 102,6 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 173,3 млн теңге, немесе нақты көлемінің индексі 103,0 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2024 жылдың қаңтар айында 161 бірлік жаңа жұмыс орны ашылды. (2023 ж. - 128), 240 адам еңбекке орналасты (2023 ж. - 129), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 155 (2023 ж. - 102).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 28,0 млн теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 42,9 млн теңге, немесе 153,2 пайызға орындалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 55,7 пайызға немесе 15,3 млн теңгеге өскен.
Бюджет шығысы 99,9 пайызға атқарылды.