Ырғыз аудандық сайлау комиссиясына Нұра ауылдық округінің әкіміне алты кандидаттан құжаттар келіп түсті, олар: Сәтімов Темірбек Айдарұлы, Сағитжанұлы Ербол, Ералыұлы Әділет, Омаров Ақнар Нұрлыбекұлы, Құдабаев Қабидолла Иярұлы және Балмагамбетова Зинезайп Отарбековна.
Аталған кандидаттың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы Нұра ауылдық округі әкімдігіне келесідей кандидаттарды ұсынылды:
1.Сәтімов Темірбек Айдарұлы, 1971 жылы дүниеге келген, мұғалім, Ақтөбе аграрлық техникалық колледжі , Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
2. Сағитжанұлы Ербол, 1977 жылы дүниеге келген, бас маман, Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
3. Ералыұлы Әділет, 1992 жылы дүниеге келген, бас инспектор, Ырғыз аудандық әкімінің аппараты, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылдық округі, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
4. Омаров Ақнар Нұрлыбекұлы, 1990 жылы дүниеге келген, директор, Мамыр негізгі орта мектебі, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округі, Нұра ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
5. Құдабаев Қабидолла Иярұлы, 1964 жылы дүниеге келген, басшы, «Қазсушар» Ақтөбе филиалы Нұра-Мамыр учаскесі, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округі, Нұра ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
6. Балмагамбетова Зинезайп Отарбековна, 1983 жылы дүниеге келген, жеке кәсіпкер, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.