Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 07 сәуірге тағайындалған Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов

Ырғыз ауылы,
2024 жылғы 28 ақпан,
№5

Қаулы №5
Дата публикации
28 февраля 2024