Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Нұра сайлау округі - Нұра ауылдық округі аумағының шекараларында;
2. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов

Ырғыз ауылы,
2024 жылғы 28 ақпан,
№4

Қаулы №4
Дата публикации
28 февраля 2024