«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1- бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 7 сәуірге тағайындалсын.
2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 29-шы ақпаннан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 12-ші наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
3. Нұра ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 17-ші наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
4. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Итібаев
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов
Ырғыз ауылы,
28 ақпан 2024 жыл,
№3