2023 жылдың қаңтар-қазан айларындағы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп.
Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 302,3 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,6 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 19315,1 млн теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсті.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 6109,1 млн теңге, немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне-157,4 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджеттен 720,1 млн теңге (өткен жылы -361,6 млн теңге), жергілікті бюджет есебінен -3190,2 млн теңге (өткен жылы -788,8 млн теңге), жеке көздерден -2167,5 млн теңге (өткен жылы -2405,6 млн теңге), несие 31,2 млн теңге (өткен жылдың осы кезеңінде 116,1 млн теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 2903,6 млн теңге, 2022 жылдың осы кезеңінде 1043,6 млн теңге, немесе 254,7 пайыз.
Барлығы 12648 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 1113 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,3 пайыз. Белсенді субъектілер саны -1096 бірлік, немесе өткен жылға 98,5 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 3205,0 млн теңге, немесе нақты көлемінің индексі 163,2 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 1174 жаңа жұмыс орны ашылды, (2022 ж -1174) 1499 адам еңбекке орналасты (2022 ж-1599), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 506 (2022 ж-576).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 758,6 млн теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 858,2 млн теңге, немесе 113,1 пайызға орындалды. Бюджет шығысы 94,3 пайызға атқарылды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 3,8 пайызға немесе 31,0 млн теңгеге өскен.

Анықтама
Дата публикации
23 ноября 2023