2023 жылғы 5 қарашада Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 8323 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 6393 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 10, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 100 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
Ырғыз ауданы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы үшін сайлаушылардың 1091 дауысы берілді,
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы үшін сайлаушылардың 3819 дауысы берілді,
Таубатыров Альбек Скендерович үшін сайлаушылардың 1397 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 62.
Сайлау қорытындыларымен Ырғыз ауданының әкімі болып:
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы сайланды, 1968 жылы туған, Ырғыз ауданының әкімі, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тұрғыны.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы