«Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Ырғыз аудандық мәслихатының шешімінің жобасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шешім жобасы
Дата публикации
26 сентября 2023